• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Шілде, 2022

Ақтауда көтерме-тарату орталығының құрылысы жүруде

217 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына арнайы жұмыс сапарымен келгенде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі жиында инфляция деңгейінің жоғары екенін, мұның азық-түлік тауарлары бағасының тез өсуіне әсері барын айтып, Ақтау қаласында коммуналдық және көтерме базарларды салуды тапсырған болатын.

Мемлекет басшысының тап­сыр­масынан кейін Ақтау қала­сының 36-шағын ауданында жо­ба құрылысы басталды. Құ­ры­лыс­ты «ОРЦ Ақтау» ЖШС жеке ин­вес­тордың қаржысына салуда, қазіргі таңда 2 мың шаршы метр аумақта павильондар салынып жатыр. Павильондарда фермерлер өз өнім­дерін делдалсыз және жалға алу төлемдерінсіз сата алады, бұл өз кезегінде тұтынушылар үшін ба­­ғаны қалыптастыруға оң әсер етпек.

– Көтерме-тарату орталы­ғы­ның құрылысы жоба бойынша кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр. Қазір құрылыстың 30 пайызы аяқталды. Жобада же­міс-жидек, көкөніс және құрғақ тамақ өнімдерін сақтайтын қойма бола­ды, сонымен қатар мультика­м­ералы тоңазытқыштар қарас­ты­рылған. Жобаның мақсаты – мейрамханалар, азық-түлік дүкендері, басқа да бизнес субъектілерінде азық-түлік қауіпсіздігін қамта­масыз ету және қала тұрғындарын ешқандай делдалсыз, нарықтағы бағадан төмен азық-түлікпен қамту, дейді «ОРЦ Ақтау» ЖШС директоры Бекзат Жеткізгенов.

20 мың шаршы метр жерге орналасатын сауда және қойманы 500 адам жалға ала алады.  1,5 млрд теңге жұмсалатын жобада базар аумағында автомобильдерге және қалалық қоғамдық көлік­терге арналған 750 орындық автобе­кет жұмыс істейтін болады, сондай-ақ бір мезетте 500 адам сыятын жо­лау­шылар терминалы орналаспақ.

Көтерме-тарату орталығы 2023 жылы іске қосылады деп жоспарлануда.

 

Маңғыстау облысы