• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауыр атлетика 20 Шілде, 2022

Қазақстандық ауыр атлеттер Азия біріншілігінде екі медаль жеңіп алды

281 рет
көрсетілді

Қазақстандық жас зілтемірші Азамат Төлеген Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының қола медаліне ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Республикалық Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі мәлімдегендей, 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азамат Төлеген алтыдан бес тәсілді сәтті қолданып, 262 келідегі қорытынды салмақпен жарысты аяқтады.

Алынған нәтиже қазақстандық зілтеміршіге қоссайыс есебінде қола медалін, сондай-ақ серпуде кіші күміс медальді жеңіп алуға мүмкіндік берді.

Еске сала кетсек, 18 шілдеде Ерасыл Ғұмаров 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын иеленіп, Қазақстан қоржынына бірінші медаль салған еді.