• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Шілде, 2022

Абай облысында әскери қызметкер қайтыс болды

230 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желілерде ер азаматтың қарудан өз-өзін атқаны туралы ақпарат таратыла бастады. Алайда оның мұндай қадамға баруға қандай себеп итермелегені әлі белгісіз, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әскери қызметкердің өлімі жайлы ақпаратты Қорғаныс министрлігінің Әуе қорғанысы күштерінің баспасөз қызметі де растады.

«Қазір әскери қызметкердің қаза болу фактісіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары мен Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпаратты әзірге жария етуге болмайды», деп хабарлады ведомствода.

Марқұм болған азаматтың артында әйелі мен 5 баласы қалған.