Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер саябақ аумағындағы құрғақ шөптердің жанып жатқанын анықтаған. Өрттің көлемі 0,25 гектарға жайылып, қызыл жалынды сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 24 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылған.
«Өрт сағат 19.25-те оқшауланып, сағат 19.31-де толық сөндірілді. Өрттен зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Дендросаябақтың аумағы құрғақ шөптерден тазартылмағандықтан, жауапты тұлғалар ҚР ӘҚтК-ның 410-баптың 2-тармағына сәйкес әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін», делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.