• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 20 Шілде, 2022

Елордада коммуналдық мекеме қызметкерлерінің жалақысы өсті

198 рет
көрсетілді

Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қызметкерлердің еңбек жағдайын жүйелі түрде жақсартуды ары қарай жалғастырамыз. 1 маусымнан бастап әлеуметтік, мәдениет (кітапханалар, мұражайлар), спорт, жергілікті полиция қызметі және басқа мамандарының жалақысы көтерілді. Осылайша елорда мекемелерінде жұмыс істейтін 4 мыңға жуық маман қамтылды. Мәселен әлеуметтік мекемелер, медициналық-оңалту орталықтары, кітапхана және басқа орындарда жұмыс істейтін, жалақысы төмен қызметкерлердің еңбекақысы 30%-дан 50%-ға дейін көбейді», деп жазды қала әкімі Instagram парақшасында.

Осыған байланысты ол бірнеше мысал келтіріп өтті.

«Мысалы «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы және «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 1,5 есе өскен. Ал кітапханашылардың жалақысы 30%-дан аса («Орталық кітапхана жүйесі» КММ), суретшілердің жалақысы 50%-ға өсті. Жергілікті полиция қызметінің жалақысы 30%-ға дейін көтерілді, азаматтық қызметкерлер (С, D санаттары және разрядтаушылар) 1,8 есе өсті. «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осыған дейін медицина қызметкерлерінің, педагогтердің, коммуналдық кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысы көтерілген болатын. Осы бағыттағы жұмысты ары қарай да жалғастырамыз», деді Алтай Көлгінов.