Кейінгі 5 жылда Қазақстанның Орталық Азия елдерімен тауар айналымы 42% - ға өсті. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Көпжақты өзара іс-қимылдың берік экономикалық базасын қалыптастыру өзекті міндет болып қала береді. Соңғы жылдары бұл бағытта айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Кейінгі 5 жылда Қазақстанның Орталық Азия елдерімен тауар айналымы 42% - ға өсіп, 6,3 миллиард долларға жетті», деді Мемлекет басшысы.
Оның айтуынша, болашақта бұл көрсеткішті 15 миллиард долларға дейін жеткізу қажет.