• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 21 Шілде, 2022

Қасым-Жомарт Тоқаев Шолпан-Атада Мұхтар Әуезовтің бюстін ашты

430 рет
көрсетілді

Президент Қырғыз еліне сапары барысында жазушы Мұхтар Әуезовтің Шолпан-Ата қаласындағы музей-үйіне барды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент музей-үйде Мұхтар Әуезовтің бюстін ашты және құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Айта кетейік, Мұхтар Әуезовтің Шолпан-Атадағы үйі 1959 жылы салынған. Қазақтың ұлы жазушысы бұл үйде 1959-1961 жылдары тұрып, жұмыс істеген, сондай-ақ өзінің «Өскен өркен» атты соңғы романын жазуды бастаған. Бірақ аяқтап үлгермеді.

1970 жылы қыркүйекте мұнда Мұхтар Әуезовтің кітапхана-музейінің ресми ашылу рәсімі өтті. Қазіргі уақытта музейде жазушының жеке заттары: үстел, орындықтар, тербелмелі кресло, үстел сағаты, киім ілгіш, кітап шкафы, кітаптар сақталған.

Жазушының қызы Ләйлә Мұхтарқызының бастамасымен кітапханаға алғашқы 5000 дана кітап жиналды. Қазір кітапханадағы кітап қоры – шамамен 12000. Кітапхана-музейде семинарлар, оқу конференциялары, кездесулер өткізіліп тұрады.