Айта кетейік, кеше Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына барды.
Шолпан-Атада Қасым-Жомарт Тоқаев, Садыр Жапаров және Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтті.
Сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан президенттері Ыстықкөлде көшпенділер ойындарын тамашалады. ҚР Президентінің Қырғызстанға жұмыс сапарының бірінші күнінен видео жарияланды.
Ал бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуіне қатысып, сөз сөйледі.
Сонымен қатар Президент Қырғыз еліне сапары барысында жазушы Мұхтар Әуезовтің Шолпан-Ата қаласындағы музей-үйіне барды. Мемлекет басшысы музей-үйде Мұхтар Әуезовтің бюстін ашты және құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.