• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Шілде, 2022

Созақ ауданында 59 градус ыстық болды

891 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желіде Созақ ауданында орналасқан өндірістік аймақтағы ауа райын көрсететін құрылғының фотосы тарады. Онда күн райының Цельсий бойынша +59 градусқа жеткенін көруге болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ал синоптиктер аптап ыстық 23 шілдеге дейін сақталатынын айтып отыр.

«Түркістан облысында аптап ыстық 23 шілдеге дейін жалғасады. Қазір ауа-райы Түркістан қаласында +42,3, Шымкентте +41,3 болып тұр. Қызылқұмда 44, Қазығұртта 40, Арыста 43, Созақ ауданындағы Тасты ауылында 42 градус ыстық сақталып тұр. Сағат 15:00 мен 18:00 аралығында ыстық көтерілуі мүмін. Ал 23 шілде күні солтүстіктен салқын ауа келіп, күн райы 4 немес 5 градусқа төмендеуі мүмкін», деді «Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филиалының метерология және болжау бөлімінің басшысы Асия Қыдырбаева.

Еске сала кетейік, синоптиктер осыдан екі күн бұрын Түркістан облысында ауа райы 47 градусқа дейін көтерілетінін хабарлаған еді.