Павлодар облысында болған қатты жел бірнеше әкімшілік ғимараттар мен тұрғын үйлердің шатырын жұлып әкетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық ТЖД ақпараты бойынша, 21 шілдеде қатты желдің салдарынан жалпы ауданы 187 шаршы метр фельдшерлік-акушерлік пункттің бір қабатты ғимаратының шатыры бұзылды.
Сондай-ақ Петропавловка ауылындағы жалпы білім беретін мектептің 50 шаршы метр шатыры ішінара бүлінген.