ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе америкалық ESPN телеарнасының тұжырымы бойынша жылдың ең мықты футболшысы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
30-шы рет өтіп отырған ESPY сыйлығын табыстау Лос-Анджелесте болды.
Мбаппемен қатар, жылдың ең мықты футболшысы атағын «Челси» ойыншысы Сэм Керр де иеленді.
ESPY Award – америкалық ESPN телеарнасының өткен жыл қорытындысы бойынша табыстайтын сыйлығы. 1993 жылдан бері бұл сыйлық лауреаттарын жанкүйерлер дауыс беру арқылы анықтайды.