• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Ауыр атлетика 22 Шілде, 2022

Қазақстандық Надежда Ли Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

179 рет
көрсетілді

Қазақстандық Надежда Ли ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында күміс медаль алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арсында 64 келі салмақта сынға түсті. Қоссайыстың қорытындысымен ол 184 (100+84) келіні бағындырды.

Айта кетсек, құрлықтық дода Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатыр. Онда 13-17, 15-20 жас аралығында жүлделер сарапқа салынады. Құрлықтық додаға ұлдардан 13, қыздардан 9 ауыр атлет барды. Азия чемпионаты 25 шілдеде мәресіне жетеді.