• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Шілде, 2022

Ақмола облысында суға кеткен бойжеткеннің денесі табылды

253 рет
көрсетілді

Ақмола облысында суға батып кеткен бойжеткеннің денесі бес күннен кейін табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ақмолалық құтқарушылар бес күн бұрын Астана су қоймасында суға батып кеткен 27 жастағы бойжеткеннің денесін тапты. Іздестіру жұмыстарына құрамында 10 адам, іздеу иті және екі моторлы қайығы бар құтқарушылар тобы жұмылдырылды. Сүңгуірлердің жұмысына қатты жел мен су тубіндегі балдырлар кедергі келтірді», делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұл қайғылы жағдай 19 шілдеде орын алған. Сол күні бойжеткен су қоймасына құрбыларымен демалуға барған. Гидроциклмен жүзу кезінде ол суға құлап, батып кетті.

Айта кетсек, көз жұмған бойжеткен БАҚ-та СММ маманы болып қызмет еткен, бұрын ҚазАқпарат халықаралық агенттігінде жұмыс істеген.