• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Шілде, 2022

Абай облысында синтетикалық есірткімен айналысқан топ ұсталды

255 рет
көрсетілді

Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Ақтоты Боранова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жедел операция барысында Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері синтетикалық есірткінің аса ірі партияларын жеткізумен айналысатын топты ұстады. Абай облысына қарасты Қалбатау ауылы маңындағы тас жолда 35 жастағы Алматы тұрғыны қолға түсті. Ол облыс орталығына «Субару Легаси» автокөлігімен бара жатқан. Жедел уәкілдер оның салонынан жапсырмамен оралған пакет тәркіледі. Пакеттің ішінен «жылдамдық» деп аталатын келіге жуық психотроптық зат табылған», деді Ақтоты Боранова ведомствоның баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.

Оның айтуынша, күдіктілер есірткі заттарын электронды ақпарат жүйесі арқылы өңірлерге таратуды жоспарлаған. Тексеру барысында олардың есірткі заттарының бір бөлігін Теккелі қаласындағы сыбайластарына қалдырғаны белгілі болды.

«ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің үйлестіруімен Алматы облысының полиция қызметкерлері есірткінің бір бөлігін Текелі қаласынан 40 шақырым жерден тапты. Жасырылған есірткіні алу барысында жергілікті тұрғын ұсталды. Оның автокөлігін тексерген кезде салмағы 2 келі «мефедрон» психотроптық заттың 4 түйірінен тұратын қалташа тәркіленді. Сондай-ақ ұсталған азаматтың тұрғылықты жерінен «мефедрон» салынған 154 зип-пакеті, буып-түю материалдары мен таразы тәркіленді», деді ол.