Нұр-Сұлтанда U23 және U19 спортшылары арасында Азия чемпионаты өтті. Бұл ауқымды спорттық іс-шара 2021 жылы жоспарланған болатын, бірақ эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығынан болған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жарысқа Жапония, Корея, Гонконг, Қытай, Қырғызстан сияқты 13 елден 100-ден астам спортшы қатысты.
Қазақстан намысын 15 спортшы қорғады. Қазақстандық Дарын Қонысбаев U23 санатында екінші орынды иеленді. Ал, бас жүлдені Гонконгтағы Оскар Коггинс жеңіп алды. Ол жарыстың басынан бастап жоғары қарқын алып, 1 сағат 51 минут 14 секундта үш кезеңді аяқтады. Ал үшінші орын Қытайдан келген Цин Ченге бұйырды.
U23 санатында әйелдер арасында Жапония мен Қытайдан келген қатысушылар көш бастап тұр. Бірінші орынды 2:10:26 есебімен жапониялық Изуми Икегучи иеленді. Ал аспан асты елінің өкілдері Вен Вей мен Синьи Лин өздерінің командалық қоржынына «күміс» пен «қола» салды.
U19 жарыстарында екі жапондық спортшы алға шықты: Мако Хиразуми - 1 орын және Манами Хияши – 2 орын. Ал «қоланы» Гонконг командасының спортшысы Шарлотта Холл алды.
Жігіттер арасында Жапония өкілдері де жеңіске жетті: Аму Омуро мен Такуто Осима бірінші және екінші орындарды иеленді. Жүлдегерлер қатарында қола жүлдені жеңіп алған қазақстандық спортшы Егор Крупяков та бар.