• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 26 Шілде, 2022

Ауаны ластаған көліктерге айыппұл салынды

397 рет
көрсетілді

Елорда полицейлері автокөліктердің қаланың атмосфералық ауасына тигізетін әсерін тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полиция департаменті Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасымен және «Экосервис-С» ЖШС бірге ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжаттың мақсаты - Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған орта сапасын арттыру және экологиялық проблемаларын шешу мәселелері бойынша ынтымақтастық орнату.

Енді полицейлер экологтармен бірлесе отырып, автокөліктердің қаланың атмосфералық ауасына зиянды әсерін азайту үшін пайдаланылған газдың уыты мен түтінінің нормаларға сәйкестігін тексереді. Көлік құралдарын арнайы құралдармен және жабдықтармен жарақтандырылған жылжымалы экологиялық бекеттер тексереді. Оқытылған эколог-операторлар автокөлік құралдары пайдаланған газды өлшеп, алынған деректерді бастапқы кезеңде өңдейді.

Рейд кезінде 354 көлік құралы тексерілді. Тексеру нәтижесінде газ шығару нормаларын бұзған 100-ден астам автокөлік анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР ӘҚБтК 334-бабына сәйкес автокөлік және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану ластаушы заттар мен шығарындылардың болуы нормативтен асып кетсе, жеке тұлғалар - 10 АЕК, ал заңды тұлғалар - 100 АЕК айыппұл төлейді.