• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 26 Шілде, 2022

Депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлеме көтерілді

167 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 14,5% ұлғайтқан болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осыған байланысты Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2022 жылдың шілде және тамыз айлары үшін барлық депозиттік желі бойынша ұсынылған ең жоғары мөлшерлемені көтерді.

Өзгерістер бүгін күшіне енеді.

Бүгінгі күннен бастап банктер депозит өнімдері бойынша пайыздық мөлшерлемені қайта қарауға құқылы.