• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қаржы 26 Шілде, 2022

Доллар бағасы қайта қымбаттады

180 рет
көрсетілді

KASE  Қазақстан қор биржасының мәліметінше, доллардың орташа бағамы 3,51 теңгеге көтеріліп, 479,83 теңгені құрады, деп жазады Egemen.kz.

Ресей рублінің орташа бағамы 0,05 теңгеге төмендеп, 8,25 теңгені құрады.

Қытай юанінің орташа бағамы аздап өсіп, 70,96 теңгені (+0,635) құрады.

Еуро бойынша сауда-саттық жүргізілген жоқ. Ұлттық банк Еуро бағамын 487,2 теңгеге белгілеген.

Айырбас пункттерінде америкалық долларды 479-484 теңгеден, еуроны – 489-494 теңгеден сатып алады/сатады. Рубль - 7,4-7,9 теңге.

Сонымен қатар мұнайдың әлемдік бағасы 26 шілдеде Сауда-саттық барысында өсуде.

Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйек айындағы фьючерстерінің құны барреліне $106,49 құрады (1,27%-ға жоғары).

Нью-Йорк тауар биржасының (NYMEX) қыркүйек айындағы электрондық сауда-саттықта WTI мұнайының фьючерстерінің бағасы бір баррелі 97,98 долларды құрады (1,32% - ға жоғары).