Польшада әйелдер күресінен халықаралық турнир өтті. Қазақстан командасы екі медальмен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық олимпиада комитетінен мәлім еткендей, 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Марина Қайпанова-Седнева (Қазақстан) екінші болды. Бірінші орын поляк спортшысы Роксана Засинаның еншісінде қалды.
Анна Андреевна (Румыния) мен Мария Винник (Украина) тұғырдың үшінші сатысына көтерілді. 59 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Диана Каюмова (Қазақстан) «қола» жеңіп алды. Соломия Винник (Украина) – бірінші, Грейс Буллен (Норвегия) екінші болды. Поляк спортшысы Йовита Вжесень Диана Каюмовамен қорытынды хаттаманың үшінші жолын бөлісті.