• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Шілде, 2022

Қазақстанда туған мигранттардың балаларына куәлік беріледі

499 рет
көрсетілді

Қазақстанда дүниеге келген өзге ел азаматтарының балаларына туу туралы куәлік беріледі. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, Қазақстанның медицина мекемелерінде дүниеге келген әр нәрестеге, яғни анасының мәртебесіне қарамастан, туу туралы куәлік беріледі. Атап айтқанда, көші-қон процестерінде балалар құқығын қорғау бойынша үш жылдық бағдарлама аясында 1 мыңнан астам жеткіншек туу туралы құжат алып, оларға білім беру әрі әлеуметтік қызметтер бойынша жағдай жасалды.

Е. Иманғалиевтің пайымынша, көші-қон процестерінде қамтылған балалар үшін қолайлы жағдай жасау бойынша жұмыстарды жалғастыру керек.

«Көші-қон бойынша қамтылған балалардың мәселесі әкімшілік проблемаларға қатысты болып тұр. Бұл ретте тұрғылықты жері бойынша тіркелмеуі, Қазақстанда еңбек мигранты ретінде ата-анасының мәртебесінің реттелмеуі, сондай-ақ азаматтығының болмауы мәселесі бар», деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі дөңгелек үстел отырысында.