• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Мамыр, 2010

ӘРІПТЕСПЕН ӘҢГІМЕ

437 рет
көрсетілді

Қорғаныс министрлігінде ведомство басшысы Әділбек Жақсыбеков Түрік Республикасы Бас штабының бастығы, армия генералы Илькер Башбугпен кездесті. Кездесу барысында тараптар әскери және әскери-техникалық саладағы қарым-қатынастардың даму қарқынына қанағаттанарлық ниет білдірді. Қазіргі таңда Қазақстан мен Түркия арасындағы қатынас тұрақты және сенімді әріптестік сипатқа ие. – Түркия Қазақстанның басым әріптестерінің бірі болып та­былады, – деп атап өтті Қа­зақстан Қорғаныс министрі. – Екі ел Қарулы Күштері арасындағы әскери ынтымақтастықтың дең­гейін өте жоғары деп айтуға болады. Әріптестіктің негізгі бағыттары еліміздің әскери қызметшілерін Түркияның әскери оқу орын­дарында оқыту, қазақстандық арнайы мақсаттағы бөлімшелерді дайындау мен оларды жарақ­тандыру, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін реформалау үдерісіне жәрдем көрсету болып табылады. Қазіргі таңда Қазақстан Қорғаныс министрі мен Түрік Бас штабы бастығының өткен жылғы күзде Анкарадағы кездесуінде қол жеткізілген негізгі келісімдері жүзеге асырылуда. Бүгінге дейін түрік әскери мамандарының көмегімен “Командос”, “Арнайы мақсат”, “Мергендер дайындау”, “Ішкі қауіпсіздік” бағдарламалары бойынша 500-ден астам қазақ­стандық әскери қызметші дайын­дықтан өтті. 2007 жылдан бері Аэроұтқыр әскерлерінің арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің 400 жауынгері “Командос” курсы бойынша тәжірибеден өтті. Қазақстан Қорғаныс министрі Түркия оқу орындарында Қазақ­стан әскери қызметшілерін оқытудағы мүмкіндікке риза­шы­лығын білдірді. Кездесуден соң тараптар бүгінгі кездесу екі мемлекет қорғаныс ведомстволарының арасындағы екіжақты ынтымақтастыққа жа­ңаша серпін беретінін атап өтті. Сапар шеңберінде Түрік әскери делегациясы Астанадағы Ататүрік ескерткішіне гүл қойып, тағзым етті, деп хабарлады еліміз  Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.