• RUB:
    5
  • USD:
    442.84
  • EUR:
    480.97
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Шілде, 2022

Есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

177 рет
көрсетілді

Шымкент ҚПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ірі көлемде есірткі заттарын сақтап, оны өткізумен айналысқан үш азаматты ұстады, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Оның екеуінен 2 полиэтиленді пакетте болған есірткі заттары табылса, олармен сыбайлас бір азаматтан қапқа салынған есірткі заты табылған.

«Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар кептірілген марихуана екендігі анықталып, жалпы салмағы – 7 келі 188 гр құрады. Атап өту қажет, құрықталған қылмыстық топтың мүшелерінің барлығы бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотты болған. Бүгінде аталған азаматтарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды», деп жазылған хабарламада.