• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 27 Шілде, 2022

Қарағандыда ер адам танысын ұрып өлтіріп, аулада қалдырып кеткен

206 рет
көрсетілді

Қарағандыда ер адам танысын ұрып-соғып, оны ес-түссіз күйде пәтерден шығарып тастаған. Марқұмның денесі көпқабатты үйдің ауласынан табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға 19 шілдеде таңғы сағат 4:30 шамасында болған. Қарағанды қаласы ПБ жедел басқару орталығына әлдекімнің ер адамды пәтерден шығарып, оны көпқабатты үйдің кіреберісіне тастағаны туралы хабарлама түседі.

Оқиға орнына Қарағанды қаласы ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы барады. Мәйіттен көптеген дене жарақаты анықталған. Көп ұзамай тәртіп сақшылары жәбірленушінің жеке басын анықтап, оның 44 жастағы қала тұрғыны екені белгілі болды.

«Куәгерлерден сұрастыру барысында көпқабатты үй пәтерлерінің бірінде жәбірленуші мен оның танысы 38 жастағы ер адамның арасында жанжал туындағаны белгілі болды. Күдікті ұсталып, тергеу үшін полиция бөліміне жеткізілді. Айтуынша, жанжал барысында ол танысын жарақаттаған, ал есінен танып қалған кезде жәбірленушіні пәтерден аулаға шығарған», деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінен.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі «Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.