АСТАНА. 2 мамыр. Алматы қаласы Әуезов аудандық соты Курванжан Бабазовты Қылмыстық кодекстің 103-бабы 2-бөлігі «ж» (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) тармағы бойынша кінәлі деп тауып, оны 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бұл туралы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет хабарлады
Сотталушы жазасын өтеу жалпы тәртіптегі түзеу колониясында өтейді. Ол 15 тәулік ішінде апелляциялық тәртібімен шағым түсіруге немесе наразылығын білдіруге құқылы.
Естеріңізге сала кетейік, оқиға 2013 жылдың желтоқсан айында №5 қалалық мектептің директорлар кабинетінде болған. Өзінің бұрынғы әйелімен жанжалдасып қалған Бабазов «Оса» пистолетімен атыс тудырған. Оқ сол жерде болған А.Құрбановтың сол жақ шекесіне тиіп жаралаған.
Құрыш Нұрымбет.
Дереккөз: Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.
Фото: dervishv.livejournal.com.