• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
04 Мамыр, 2014

Вашингтон жұрты қазақтың дәм-тұзын татты

554 рет
көрсетілді

АСТАНА. 4 мамыр. Сенбі, 3 мамыр күні еліміздің АҚШ-тағы елшілігінде қазақ дәмінің күні өткізілді. Осыған орай дипломатиялық кеңсенің есігі келем деушілерге ашық тұрды. Бұл туралы Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігіндегі дереккөзіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады Елшілік өкілі Нұрғали Арыстановтың айтуынша, таңертеңгі сағат 10 мен кешкі 5 аралығында елшіліктің есігі барлық келем деушілерге ашық болған. Вашингтон тұрғындары мен қонақтары өте төмен бағада сатылған қазақтың ұлттық тағамдары-бауырсақ, қуырдақтың дәмін татып, ежелгі Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқан, қашаннан меймандостық пейілінен жазбаған халықтық дәстүрмен танысып, бүгінгі Қазақстанның тынысы мен оның бай тарихы туралы мол мәліметтер алған. Сондай-ақ, келушілерге Қазақтан жайлы бестселлер кітаптардың көшірмелерін тегін алуға  да мүмкіндік туғызылған. Елшілік қызметкерлері қазақ-американ достығы мен екі арадағы стратегиялық әріптестікті нығайта түсуде, экономикалық қатынастардың көкжиегін кеңейтуде атқарылып жүрген игілікті істер жайында айтып берген. Мұндай шара жылына бір рет өткізіліп, америкалықтар  өркениеттер тоғысындағы зайырлы мемлекеттің өсіп-өркендеуімен, мұндағы келісім мен бірлікке құрылған тату ел тірлігімен танысады. Анар Төлеуханқызы. Дереккөз: egemen.kz. Фото: www.newskaz.ru.