• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
04 Мамыр, 2014

Солтүстік Қазақстанда жұма күні арақ сатылмайтын болды

238 рет
көрсетілді

ПЕТРОПАВЛ. 4 мамыр. Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданының орталығы - Кішкенекөл ауылында қасиетті жұма арақ-шарап сатылмайтын болы. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Шешімді аудан жұртшылығы түсіністікпен қабылдады. Қожахмет қазырет атындағы мешіттің имамы Өсербай Шәкеновтың айтуынша,  «Жұма күні арақ сатылмасын!» акциясын алғаш қолдаушылардың қатарында «Дүкен», «Мұхамедғалым», «Жексенбай», «Руслан», «Әлем» «Нұр Астана», «Мерей», «Жанара» секілді сауда нүктелерінің басшылары үн қосқан. Осы сауда орындарының маңдайшаларына «Жұма күні арақ сатылмайды» деген жазулар ілінген. Адамдарды саламатты өмір сүруге шақыратын мұндай акция Солтүстік Қазақстан облысында алғаш рет ұйымдастырылып отыр.  Өмір Есқали. Дереккөз: egemen.kz. Фото: www.aska-realty.ru.