АСТАНА. 4 мамыр. Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте еліміздің құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Мұрат Майкеев мәлімдегендей, 7 мамырда болатын шеруге қатысуға 75-тен астам ұшақ пен тікұшақ сақадай-сай тұр. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Брифингте генерал-лейтенант Мұрат Майкеев: «Әскери шеруге 2,5 мыңнан астам адам, 250 техника мен 75 әуе техникасы қатысады. Шеру – бiздiң қуатымызды көрсету, жастарымыздың патриоттық сезiмдерiн күшейту және рухымызды көтеру", – деп атап өттi.
Генерал-лейтенанттың айтуынша, аталған шарада отандық техника да көрсетiлетiн көрінеді.
Ол сондай-ақ, Қорғаныс министрлiгi әскери шеруге шығуға толығымен дайын екендiгiн жеткізді.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «ҚазАқпарат»
Фото: 911-seoweb.kazakh.ru.