• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Шілде, 2022

Теологтар терроризм бабымен сотталған азаматтармен жеке кездесті

425 рет
көрсетілді

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында 21-22 шілде аралығында Қызылорда және Түркістан облыстарында дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары қазақстандық қоғамның дәстүрлі, мәдени және отбасылық құндылықтарын нығайтуға бағытталған діни – ағартушылық жұмысын, сонымен қатар діни эстремизімнің таралуын алдын алуға бағыттылған рухани-ағарту жұмысын ұйымдастыру шеңберінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Аталған кездесулерге РАТТ мүшелерінен (теологтар, дінтанушылар) – Шағырбай А.Д., Мейірбеков Д.Е., Оразбаев Қ.И., Оспанов Б. Е., Бекбосынов Е.Т., Халықов М.М., Бердалиев И.Т., Матаев Е.Ж. тартылды. 

21-22 шілде аралығында Қызылорда облысында РАТТ мүшелерінің қатысуымен ҚАЖД ЗК-169/5 мекемесінде экстремизм және терроризм бабы бойынша сотталушы азаматтармен жеке кездесулер, «Жастар ресурстық орталығында» облыстық АТТ мүшелері мен дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог мамандарымен, Төретам кентінде деструктивті діни ағым ұстанушы жамағаттарымен, «Жәрімбет» мешіт жамағатымен, Арал және Қазалы аудандарында деструктивті діни ағым ұстанушы жамағаттарымен, «Жанқожа батыр» мешітінде  мешіт жамағаттарымен, аудандық әкімдігінің мәжіліс залында аудандық АТТ мүшелерімен, «Жастар ресурстық орталығында» аудан жастарымен және т.б. кездесулер өткізілді.  

Сондай-ақ 21-22 шілде аралығында РАТТ мүшелерінің қатысуымен Мақтаарал ауданы, Келес ауданы, Сарыағаш және Жетісай қалаларында ішкі істер бөлімі, пробация қызметтерінде шартты түрде бас бостандығынан айрылған азаматтармен, әкімшіліктердегі мәжіліс залдарында аудандар тұрғындарымен, орталық базарлар мен автобекеттерде өзін-өзі жұмыспен қамтыған саудагерлер және такси жүргізушілерімен, «Абдул Әкім», «Нұғман», «Ешан баба» мешіттерінде деструктивті діни ағым ұстанушы жамағаттармен және т.б. кездесулер өткізілді.

Өткізілген іс-шараларда қала тұрғындарына Қазақстанда тұратын барлық конфессиялар мен этностардың бейбіт өзара іс-қимылы мен қатар өмір сүруіне, Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпараттар берілді.

Сарапшылар діннің рухани-адамгершілік құрамдас бөлігі мәселелеріне, қазіргі қазақстандық қоғамдағы әйелдердің рөлі мен әлеуметтік мәртебесін арттыруға, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың әсеріне қарсы тұру шараларына ерекше назар аударды.

Тыңдаушылар тарапынан да РАТТ мүшелеріне бірқатар сұрақтар қойылып, сауалдарға тұжымды жауаптар алынды.