Нұр-Сұлтанда үй кезегінде тұрғандар арасында жалдамалы баспанаға қол жеткізгендердің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл іріктеуге өтінімдер 18-24 маусым аралығында қабылданған болатын. Санаты - көпбалалы отбасылар. Барлығы - 2,3 бөлмелі 124 пәтер.
Бұл баспана сатып алу құқығынсыз жалға беріледі. Бағдарламаға өткендер мен өтпегендердің аты-жөні әкімдіктің сайтында жарияланған.
Тізімді осы сілтемеден жүктеп алуға болады.
Бағдарлама бойынша өткендердің бәріне жақын арада тұрғын үй орталығының қызметкерлері қоңырау шалып, әрі қарай не істеу керектігін айтады.