• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 29 Шілде, 2022

Жамбыл облысында шекара қызметінің офицері қайтыс болды

509 рет
көрсетілді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысы Қордай ауданында көз жұмған шекара қызметі офицеріне қатысты тексеру жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

2022 жылдың 27 шілдесінде ҰҚК шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің офицері Азат Үмбетұлы Қордай аудандық орталық ауруханасында қайтыс болды.

Өлімнің алдын ала себебі - миға қан кету.

«Аталған факті бойынша ҚР ІІМ оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады және қажетті көмек көрсету шараларын қабылдап жатыр», делінген ҰҚК таратқан хабарламада.