Сот үкімі бойынша, Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы «Qadam» тұрғын үй кешені сүрілетін болды, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы нысанды тексерістен өткізді. Нәтижесінде, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бірқатар заң бұзушылықтар анықталды. Мәселен, 4 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы рұқсат құжатынсыз басталған екен.
Тексеру нәтижесі бойынша «Qadam ТК» ЖШС-не қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, кейіннен заңсыз салынып жатқан нысанды бұзу туралы талап арыз жазылды. Сот заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талапты қанағаттандырды.