• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Шілде, 2022

Өскеменде алкоголь өнімдерін қолдан жасаған цех анықталды

212 рет
көрсетілді

Құрамында спирті бар өнім Өскемен қаласындағы өндірістік базалардың бірінде шығарылған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Цехтың қызметкерлері суррогатты алкогольді антисанитариялық жағдайда спиртке су, түрлі бояулар мен дәмдеуіштер қосу арқылы жасап отырған. Бөтелкелерге жалған акциздік маркалар мен түрлі отандық арақ-шарап шығаратын зауыттардың этикеткалары жапсырылған.

Екі цехтың ішіне тінту жүргізу барысында 16 мыңнан астам өткізуге дайын тұрған қолдан жасалған алкоголь өнімі, 715 литр спирт, 15 мыңнан аса жалған акциздік маркалар алынды», делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта заңсыз әрекетке қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.