• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Мамыр, 2014

Ауыл әкімдері автокөлікті болды

255 рет
көрсетілді

Өткен жылы тамыз айында ел Прези­дентінің Жарлығына сәйкес ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы өткізілгені белгілі. Сайланған әкімдердің өкілеттігі кеңейіп, жергілікті қауымдастық, яғни ардагерлерден, ірі шаруа қожалықтарының, әлеуметтік нысандар басшыларынан, жер­гілікті беделді адамдардан тұратын ауыл­дық кеңестер құрылды. Енді әкімдер со­лармен келісе отырып, жергілікті жер­де­гі бірқатар мәселелерді өздері шеше алады. Өткен жылы «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша ауылдарға көшелерді жарықтандыруға тәжірибелік қаржы бөлініп, аудандағы 12 ауылдық округ орталықтарының көшелері жарық­тандырылды, көлігі және қажетті қондыр­ғылармен қамтамасыз етілген малдә­рігерлік стансалар ашылды. 2013 жылы үш ауылға көгілдір отын барды, биылғы жылдың аяғына дейін ауданда газбен қамтылу деңгейі 84 пайызды құрайтын болады, ауылдарға су құбырлары жүргізілуде. Жыл өткен сайын күрделі жөндеуден өткен ауыл мектептерінің қатары көбейе түсуде. Үстіміздегі жылы бес мектеп, үш ауылдық клуб жөнделетін болады, үш ауылдық округ әкімдігі ғимаратының жобасы жасалуда. Таяу жылдары Алға қаласын ауылдық округпен жалғастыратын бес жол телімі күрделі жөндеуден өтеді деп күтілуде. Мұның өзі ауылдық округтер әкім­дерінің жұмысы бұрынғыдан гөрі де қыза түсетінін көрсетеді. Жобалау фирмаларымен, құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігерлік ұйымдармен тығыз байланыста болып, қоян-қолтық жұмыс істеу қажеттігі туындайды. Осындай жұмыстың қарбалас­тығын ескеріп, аудандық мәслихат депутаттарының қолдауымен ауылдық округтер әкімдеріне «УАЗ» маркалы жеңіл автокөлік сатып әперілді. Алға ауданының әкімі Асқар Шериязданов ауыл әкімдеріне су жаңа «УАЗ» автокөлігінің кілтін тапсырды, халықтың тұрмысын жақсарту және туындайтын өзекті мәселелерді шешуге байланысты жұмыстарына сәттілік тіледі. Ауыл әкімдерінің өкілеттігінің кеңеюі олардың жауапкершілігін арттырып, күнделікті жұмыс көлемін арттырып отырғаны да рас. Сондықтан көлікпен қамтамасыз ету олардың анағұрлым жинақы жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан». Ақтөбе облысы, Алға ауданы.