«Қазгидромет» РМК 30 шілде – 1 тамыз аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағында құбылмалы күн райы сақталады. Найзағай, бұршақ, жаңбыр күтіледі. Елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр жауып, екпінді жел тұрады.
Республиканың солтүстігінде түнде термометрлер +7 +12°С дейін төмендейді, күндіз ауа температурасы +15 +25°С болады. Батыста +30 +35°С. Елдің орталығы мен шығысында +20 +28°С. Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +22 +33°С ыстық болжанады», делінген синоптиктер мәліметінде.