Қорғаныс министрі Серік Ахметов 7 мамырда «Қазақ елі» алаңында өтетін әскери парадқа дайындық және оны өткізу барысы аясында Қарағанды гарнизонында болды.
Министр Қарағанды маңында шоғырланған авиациялық бөлімге барды. С.Ахметов жеке құраммен кездесуде оларға Астанада өтетін әскери парадта кәсіби шеберліктері мен жоғары деңгейдегі үйлесімділік көрсету туралы тапсырма қойды.
Ол, сондай-ақ, белгіленген ұшу сағаттарын орындаған ұшқыштарды сыныптық біліктілікпен марапаттады.
«Егемен-ақпарат».