• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Шілде, 2022

Гран-приді қанжығаға бөктерді

294 рет
көрсетілді

Американың Калифорния шта­тындағы Анахайм қала­сында өткен мүм­кіндігі шектеулі адамдардың 25-ші мерей­тойлық, Дүниежүзілік чемпионатында Петропавлдың Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театрының жанындағы «Сезімталдар» (Sensitive) би ұжымы Гран-при жүлдесін жеңіп алып, Қазақстанның атын шығарды.

Бұл жарысқа дүние жүзінің 72 елі­нен 3 мыңнан артық өнер ұжым­­дары қа­тысып, 22-31 шілде аралығында өнер көр­сеткен. Кеше жарыс аяқтал­ды, ал бү­гін үздік ұжымдардың концер­ті бола­ды. Қазақстан­дық­тар­дың жеңі­сін бүкіл еліміз ­қуа­ныш­пен атап өтуде. Ал сол­­­түс­­­тікқазақстандықтардың қуа-­­­­­ны­­шында тіпті шек жоқ. Об­лыс әкімі ­­­Құмар Ақсақалов өзінің «Инстаграм­дағы па­рақ­шасында былай деп жазды: «Біз­­дің ұжымымыз финал­дық өнер көр­сетулерде АҚШ, Ирландия, Аустра­лия, ОАР, Тайланд, Канада, Гер­­ма­­ния сияқты атақты елдерден келген бар­лық ұжымды артқа тастап, бас бәйгені жеңіп алды. Бұл – барша Қазақстан үшін үлкен табыс. Мен өнер ұжымының әрбір мүшесін және олардың көркемдік жетекшісі Ольга Ростовщикованы үлкен жеңісімен құт­­тықтаймын. Бұл – сіздердің көп жыл­ғы төккен ащы терлеріңіздің, тал­маған еңбектеріңіздің, өнерге деген өшпес махаббаттарыңыздың  жемісі.  Еліміздің әрбір тұрғыны сіздермен мақтанады!»  

Дүниежүзілік чемпионат­­қа ұжым­ды облыстық мәде­ниет басқармасы­ның бастығы Дос­бол Әбдірайысов­ бастап барды. Ольга Ростовщикова жетекшілік ететін бұл ұжым биыл Мысырдағы осындай фес­тивальға қатысып, Хо­реография ата­лымы бойынша жеңімпаз болып оралған. Ұжым мүшелері – есту қабі­леттері төмен жандар. Олар алғаш Петропавлдағы есту қабілеті төмен оқушылардың интернатында ұйым­дасқан. Ұжым мүшелері мектеп бі­тір­ген соң жергілікті билік олар­ды таратпау үшін түрлі ұжымның жа­нына қосқан. Бірақ бәрі де ортақ қазаннан ақша бөлуге жарамай, ақыры С.Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театрынан пана тапқан еді.

Біржан Жалғасбаев басқа­­ратын дар­қан пейілді ортада «Сезімтал» үлкен та­быстарға да жетуде. Ал құлағы кеміс, сөй­лей алмайтын жан­дарға би үйретудегі Ольга Ростов­щи­кова­ның еңбегі айрық­ша. Ол өзінің шәкірттеріне бидің эле­мент­терін ыммен көрсетіп, түсіндіріп оты­рады.

 

ПЕТРОПАВЛ