• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
05 Мамыр, 2014

Қазақстан үшін қызмет етуге дайын

372 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Астана қаласындағы №2 мектеп-гимназия оқушысы Александр Влизькодан хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Өз хатын қазақ тілінде жаз­ған 6 «Г» сынып оқушысы А.Влизько елорданы Астанаға кө­шір­гені үшін Мемлекет басшы­сына алғысын білдіріп, соның арқасында көптеген оқу орындары ашылғанын, онда түрлі ұлттардың өкілдері оқитынын айтқан. Автор өз хатын кең-байтақ қазақ даласының миллиондаған қазақстандық балалардың атынан жазып отырғанын  атап өткен. «Рас, менің тегім сәл басқа.  Мен украин ұлтының өкілімін. Бірақ мен өзімді бала күнімнен  қазақпын деп сезінемін. Қазақпын деп есептеймін. Себебі, мен бірлігі мен татулығы, достығы мен туыстығы жарасқан Қазақстанда өсіп келемін», дейді А.Влизько. Ол Қазақстанның болашағына сенетінін, осы ел үшін қызмет етуге дайын екенін жеткізген. «Бұл жер – менің әкемнің кіндік қаны тамған мекен. Бұл жер – менің анамның өмірге келген қонысы. Менің сүйегім де, етім де қазақ. Мен қазақ жерінде туғанымды мақтаныш етемін», делінген хатта.
Соңғы жаңалықтар