Қазгидромет синоптиктері 1 тамызда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оңтүстік циклон және оған байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағының басым бөлігіне әсерін тигізеді. Соның салдарынан жаңбыр жауады.
Елдің солтүстігінде нөсер жауын болады. Елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жел күшейеді. Бұршақ жауып, дауыл тұрады.
Түнде және таңертең республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында тұман түседі.
Күндіз Павлодар облысының шығысында, Ақмола облысының солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады.
Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде аптап ыстық сақталады.
Түркістан, Қызылорда, Жетісу, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Абай, Жамбыл облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.