АСТАНА. 5 мамыр. Отан қорғаушылар күніне орай «Астана Опера» театрында Қорғаныс министрлігі тарапынан концерт ұйымдастырылады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Айтулы мерекелік шараға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, Ұлы Отан соғысы және еліміздің қарулы күштерінің ардагерлері қатысады деп күтілуде.
Ал театр сахнасында әлемге әйгілі итальяндық тенор Марсело Альварес, Александров атындағы Ресей әскерінің академиялық ән-би ансамблі, «Астана Опера» симфониялық оркестрі, сондай-ақ, Қорғаныс министрлігінің орталық ансамблі өнер көрсетеді.
Сонымен қатар, театр фойесінде еліміздің қарулы күштері туралы фотокөрме ұсынылады.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «ҚазАқпарат».
Фото: news.mail.ru.