• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Мамыр, 2014

Шағын және орта бизнес үшін Азия даму банкіден 150 млн. доллар бөлінеді

249 рет
көрсетілді

АСТАНА. 5 мамыр. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі (ҰБХ) басқармасының төрағасы Қуандық Бишімбаев Азия даму банкі (АДБ) ұсынған несие желісі аясында биыл 150 млн. доллар тарту жоспарланған деп мәлімдеді. Бұл туралы Primeminister.kz хабарлады. Қуандық Бишімбаев: «Биыл біз осы несие желісі арқылы қосымша 150 млн. доллар тартуды жоспарлап отырмыз. Бұл ақша Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, шағын және орта бизнесті қолдауға Ұлттық қордан бөлінген ресурстарға қосымша болады», – деді. Оның айтуынша, 2011 жылы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі құрылымына кіретін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры еліміздегі шағын және орта бизнесті өрістетуге байланысты Азия даму банктен 500 млн. АҚШ доллары көлемінде несие алған. Қазақстан мен Азия даму банкі ынтымақтастығы берік орнығып келеді. Екі жақты келісімдердің нәтижесінде мыңнан астам кәсіпкер қолдауға ие болған. Сондай-ақ, 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылған. Жолдыбай Базар. Дереккөз: Primeminister.kz. Фото: headline.kz.