ПЕТРОПАВЛ. 5 мамыр. Бүгін облыс орталығының іргесіндегі Прибрежное ауылына барар күре жолды Есілден аққан ағын су басып қалды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Қазір елді мекенге не жаяу, не көлікпен қатынау үзілгендіктен, тұрғындарға жедел көмек көрсету және азық-түлік тағамдарын жеткізу жұмыстарына төтенше жағдай қызметі жұмылдырылған. Екі та сжолды да су шайып кеткендіктен, Петропавл қаласында еңбек ететін тұрғындарды арнайы техникалар тасып жүр.
Мұндай көрініс Заречный елді мекенінде де орын алған.
Жалпы, Есіл өзені арнасынан тасып аққалы бері 42 үй ауласын ағын су басып қалған.
Өмір Есқали.
Дереккөз: Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Фото: remarka.kz.