• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 02 Тамыз, 2022

Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

181 рет
көрсетілді

Қазгидромет синоптиктері 2 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Циклон және оған байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағының басым бөлігіне әсер етеді. Салдарынан жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, екпінді жел соғады. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Түнде және таңертең республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында тұман түседі. Тек қиыр батыста антициклон сілемінің ықпалынан ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде қатты ыстық сақталады. Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Абай, Атырау облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.