• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Тамыз, 2022

Ақтөбеде 17 жастағы жігіт суға батып кетті

331 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылында 17 жастағы жігіт суға кетті. Құтқарушылар оның денесін тауып, жағаға шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға 1 тамыз күні сағат 17:30-да болды.

Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаменті кезекші-диспетчерлік бөліміне «Ақкемер» жеке жағажайында жігіттің суға кеткені туралы хабарлама түсті.

«Елек өзеніне 17 жастағы жігіт батып кетті. Құтқарушылар оның денесін үш метр тереңдіктен тауып алды. Сонымен бірге жеке жағажай құтқарушылары 18 жастағы жігітті құтқарған. Облыстық ТЖД суға түсу ережесін қатаң сақтауға тағы да шақырады», делінген облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетсек, жыл басталғалы бері облыста 20 адам суға кетті. Оның 9-ы бала.