• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 02 Тамыз, 2022

Грузияда көз жұмған Әсел Айтпаеваның өліміне қатысты адамға үкім шықты

227 рет
көрсетілді

Грузияда өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болған Әсел Айтпаеваның ісіне қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2022 жылғы 2 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында М-ге қатысты жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып зорлау (ҚК-тің 120-бабының 1-бөлімі), сондай-ақ абайсызда жәбiрленушi А-ның өліміне әкеп соққан адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен адамды сату фактісі бойынша айыптау үкімі шығарылды (ҚК-тің 128-бабының 2-бөлімі 4-тармағы)», деп хабарлайды елорда сотынан.

Сотта анықталғандай, М жәбірленуші А-ға Грузияда 500 АҚШ доллар жалақы төлейтін жұмыс ұсынып, аталған елге баруына көмектескен.

«Айыпты М жәбірленуші А-ның ұйқылы-ояу күйін және дәрменсіздігін пайдаланып оны зорлаған. Одан кейін М жәбірленушіні жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу арқылы пайда табу мақсатында Грузия азаматы Б-ға тапсырған. Содан соң жәбірленуші А зорлық-зомбылықтан құтылу үшін 9 қабаттан секіріп, қайтыс болды», дейді ведомстводан.

Хабарламада айтылғандай, прокурор сотталушыға зорлау фактісі бойынша (ҚК-тің 120-бабының 1-бөлімі) 5 жылға және адамды сату фактісі бойынша (ҚК-тің 128-бабының 2-бөлімі 4-тармағы) 11 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Осылайша кінәліні жалпы мерзімі 15 жылға бас бостандығынан айыра отырып, жазасын максималды қауіпсіздіктегі мекемеде өтеу ұсынылды.