• RUB:
    5.05
  • USD:
    494.95
  • EUR:
    525.49
Басты сайтқа өту
Оқиға 03 Тамыз, 2022

Қорық аумағында қақпан құрған екі азамат ұсталды

459 рет
көрсетілді

26 шілдеде «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің инспекторлары «Кендірлі-Қаясан» қорық аймағы күзет қызметінің инспекторларымен бірге ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бақылау жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz mangystaymedia.kz-ке сілтеме жасап.

Нәтижесінде, Бейнеу ауданына қарасты Төлеп ауылының екі азаматы, аңдар су ішетін бұлақтар маңына қақпан құрып жүрген жерінен ұсталды. Олардан екі мотоцикл көлігімен төрт қақпан табылған. Инспекторлар оларды Маңғыстау аудандық полиция бөліміне табыстады.Тергеп-тексеру біткесін тиісті құжаттар Маңғыстау аудандық сотына жолданып, заң шеңберінде  әкімшілік шара қолданылады.