Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектері пойызда тегін жүреді
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ Ұлы Жеңістің 69 жылдық мерейтойына орай 2014 жылдың 1 мамырынан 31 желтоқсанына дейін Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне жолаушылар пойыздарында тегін жол жүру дәстүрлі акциясын өткізуде. Мерекелік шара аясында ҰОС ардагерлері мен мүгедектері Қазақстан Республикасы мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері аумағында теміржол көліктерінде тегін жүреді. Ардагерлер «Тальго» зауыты шығарған вагондардан құралған пойыздардан бөлек, жолаушылар пойыздарының барлық санаттары мен бағыттарында, сонымен қатар, қалааралық пойыздарда да купелік вагондармен жүру мүмкіндігіне ие. Ардагерлерге тегін билет теміржол кассаларында беріледі. Өзімен бірге жеке куәлігі, сонымен қатар, ҰОС ардагері немесе мүгедектігі туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі болуы қажет. Аталған акцияны өткізу туралы қажетті ақпаратты «Жолаушылар тасымалы» АҚ-тың теміржол кассалары мен тәулік бойы жұмыс істейтін «105» анықтама телефонынан алуға болады. Ескендір ЕРТАЕВ.
•
06 Мамыр, 2014
Қамқорлық деп осыны айт!
363 рет
көрсетілді