• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Мамыр, 2014

Министрліктер үйіндегі кездесу

244 рет
көрсетілді

Министрліктер үйінде «Бас редакторлар клубы» ҚБ мүшелерінің Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божкомен кездесуі болды. Басқосу бейресми тұрғыда ашық пікір алмасу сипатында өтті. Кездесуді Бас редакторлар клубының президенті Кенжеболат Жолдыбай жүргізіп отырды. Журналистермен болған екі сағатқа жуық аралықта В.Божко елдегі техногендік алапаттардан, апаттар мен зілзалалардан келетін тәуе­келдерді мейлінше төмендете отырып, нұқсанды азайтуды қамтамасыз етуді көздейтін ескертудің және төтенше жағ­дайды жоюдың түбегейлі мем­лекеттік жүйесінің қыз­меті жайлы жан-жақты әңгі­ме­леді. Министр, сондай-ақ, жедел шешімді қажет ететін мәселелерге тоқталды, таяу бо­лашақта мекеменің атқа­ра­тын жұмыстарының басты ба­ғыттарын айтты, техногендік және табиғи сипаттағы төтен­ше жағдайлардан қорғау тұрғы­сында тұрғындарға аса қажет ақпараттар беруде және түсін­діруде БАҚ-тың рөлінің ерек­ше екендігіне назар аударды. Қорғаушылардың кәсіби қызметін заңдылық тұрғыдан қамтамасыз етудің маңыздылығы атап көрсетілді. Осы ретте, министр ағымдағы жылғы 26 сәуірде «Азаматтық қорғау туралы» Заң қабылданғанын қатысушыларға айта отырып, оның ведомство құрамындағы құрылымдар мен бөлімшелердің қарым-қатынастарының сипатын жүйелі негізде өзгертуге сеп­тігі болғанын тілге тиек етті. Владимир Божконың пікі­рінше, бұл құқықтық актіні дайын­дау қажеттілігі төтенше жағдай, азаматтық қорғаныс, өндірістік және өрт қауіпсіздігі салаларында жаңа тұжырымдама қалыптастыруға негізделген. Кездесуді аяқтай келе, К.Жолдыбай әңгіменің Бас редакторлар клубының www.kgr.kz сайтында жалғасатынын жеткізді және азаматтарды осы интерактивті байланысқа шығуға шақырды. «Егемен-ақпарат».