• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 03 Тамыз, 2022

ДДҰ басшысы Тедрос Гебрейесус Алматыға келді

252 рет
көрсетілді

ДДҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Алматыға бейресми сапармен келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тедрос Адханом Гебрейесус бүгін Қазақстанның жетекші медициналық университеті Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне (ҚазҰМУ) барған.

Асфендияров атындағы ҚазҰМУ баспасөз қызметі мәліметінше, медициналық университетте Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ДДҰ басшысын қарсы алған. ДДҰ бас директоры университеттің құрметті қонақтары кітабына естелік жазба қалдырды. Академик Шарманов атындағы Даңқ залында Тедрос Гебрейесус қазақстандық ғылым мен медицинаның жетекші қайраткерлері – ҚазҰМУ профессорларымен кездесті, әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың дамуы туралы сұрақтарға жауап берді.

ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов ДДҰ басшысына Қазақстанның жетекші медициналық университетіне келгені үшін алғысын білдірді.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры лауазымына екінші мерзімге сайлануыңызбен құттықтаймыз. Пандемияның алғашқы күндерінен бастап ДДҰ-ға мүше мемлекеттерге қолдау көрсетіп келеді. Мемлекетіміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы сізбен онлайн кездесуінде және ДДҰ ассамблеясында сөйлеген сөзінде пандемия кезінде Қазақстанға көрсеткен көмегіңізді жоғары бағалайтынын айтқан. Ол кезде мен денсаулық сақтау вице-министрі болып жұмыс істедім, сізге және сіздің ұжымға алғысымды қабыл алыңыздар», деді ҚазҰМУ ректоры.

Медициналық университеттің баспасөз қызметі мәліметінше, бұған дейін ДДҰ басшысы қала әкімі Ерболат Досаевпен кездескен.