• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Мамыр, 2014

Мәжіліс жоғары бағаланды

278 рет
көрсетілді

Кеше Азия даму банкі Басқарушылар кеңесінің 47-ші мәжілісі аяқталды. Соған орай АДБ президенті Такехико Накао қорытынды баспасөз мәслихатын өткізді. Баспасөз мәслихаты барысында Такехико Накао Қазақстандағы мәжіліс өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Ол  жиын барысында өте маңызды мәселелер талқыланғанын тілге тиек ете отырып, онда қабыл­дан­ған шешімдер, пікір алмасулар Азия даму банкінің алдағы жұ­мысына барынша тиімді ықпал ететініне сенім білдірді. Банк пре­зиденті, сондай-ақ, мәжілісті ұйымдастыруға атсалысқандарға алғысын айтты. Такехико Накао өзінің қоры­тынды сөзінде 10 негізгі мәселеге тоқталды. Яғни, төрт күнге со­зыл­ған шарада қандай шешімдер қабылданды, пікір алмасу алаңында қандай мәселелер қамтылды, міне, осылардың барлығын сұрыптай келе, ол негізгі мәселеге басымдық берді. Біріншіден, бұл мәжілісте қатысушылардың көбі әлемдік жағдайдың әлі де тұрақталмағанына алаңдаушылықтарын білдірді. Біз бұл тұрғыда, алда кездесуі мүмкін қиындықтарға төтеп беру үшін алдымен макроэкономикалық басқаруға айрықша көңіл бөлуіміз керек деді, Т.Накао. Осы ретте, Азия даму банкі алдағы уақытта да  дамушы елдерге барынша қолдау көрсетпек. Сондай-ақ, ол 47-ші мәжілісте маңызды болған екінші мәселе – Азия даму банкінің 2020 жылға дейінгі даму стратегиясының орындалу барысы болғанын жеткізді. Үшіншісі, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған халықты барынша қолдау, кедейшілікпен күрес жағдайына күш салу сияқ­ты әлеуметтік мәселелер де назар­да болған. Төртіншіден, климат­тың өзгеруіне қатысты туындай­тын қиындықтарды жою, алдын алу мәселесін айтсақ, бесінші­ден, аймақтардағы инфрақұ­ры­лым­дарды дамытуды қаржылан­дыру жайы да барынша қамтыл­ды. Алтыншысы, соңғы кездер­дегі халықтың қартаюы пробле­ма­сы­ның орын алуы, көші-қон, ауыл­дардан қалаға қарай үдере көшу, қоршаған ортаға қамқорлық жайы да  мәжіліс мінберінде қызу талқыланды. Жетінші, Азия даму банкіне мүше елдердің барлық саладағы мүм­кіндіктерін, мемлекеттік бас­қару, бюджет жүйесіне, қаржы са­ласын дамытуға ықпал ету, жеке кәсіпкерлікті дамыту сияқты мәселелерге де  қолдау көрсету.  Сегізінші, Азия даму банкінің тиімді әрі оңтайлы ұйым болып қалуына күш салу. Бұл ретте әкім­шіліктік шығындарға мұқият болып, қаржыны тиімді пайда­лануды назарда ұстамақ. Тоғы­зыншы, АДБ қаржысын иемде­нуге деген құлшыныс жайы. Оныншы, қаржылық құрылымдар жұ­мысын жүйелендіру, несие беру мүмкіндіктерін оңтайландыру, басқару құрылымын жаңғырту сияқты мәселелер қамтылды. Оның ішінде Азия даму банкінің аймақтардағы рөлінің стратегиясын жасау да бар екендігін де мәлімдеді Такехико Накао. Басқарушылар кеңесі бұл басымдықтарға сүйене отырып, алдағы жұмыстарын жүйелеп, жандандыра түспек. Динара БІТІКОВА, «Егемен Қазақстан».