• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 04 Тамыз, 2022

АҚШ сенаты Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруін мақұлдады

281 рет
көрсетілді

Сәрсенбі күні АҚШ сенаты Финляндия мен Швецияның НАТО-ға қосылуы туралы хаттамаларды ратификациялау туралы қарарды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тиісті хаттама сенат сайтында орналастырылған. 95 сенатор Скандинавияның екі елінің НАТО-ға мүше болуын қолдады, біреуі қарсы, біреуі қалыс қалды.

Еске салсақ,  Финляндия мен Швеция 18 мамырда НАТО-ға кіруге ресми өтініш білдірген. 

Құжаттарды НАТО-ның барлық мемлекеттері ратификациялағаннан кейін Хельсинки мен Стокгольм ұйымға мүше болады. Мақұлдау хаттары АҚШ Мемлекеттік департаментіне сақтау үшін жіберіледі.